КЕЗЕКТЕН ТЫС XXIV КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Арал аудандық мәдениет үйінде «Нұр Отан» пратиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XXIV конференциясы болып өтті.
Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия ардагерлерімен белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының және БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Оразбаев ашып жүргізген конференцияға ауданның 33 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 68 делегатттың 63 қатысып, 5 делегат түрлі себептерге байланысты қатыса алмады.
Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидатты ұсыну мәселесі қаралып, «Нұр отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатов Талғат Мырзағұлұлы №11 Мақатаев сайлау округі бойынша кандидаттыққа бірауыздан ұсынылды.
ҚОҒАМ 19 ақпан 2018 г. 1 043 0