Қызылордада «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы басталды

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-24 ақпан аралығында облыс көлемінде мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Жасөспірім – Заң - Қауіпсіздік» атты акциясы өткізілу жоспарлануда.
Акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мінез-құлқы ауыр, жағдайы төмен отбасындағы балалармен жұмыс жүргізу болып табылады.
Іс-шараға жергілікті әкімдік, мүдделі мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қатыстыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, аталған акция аясында ішкі істер органдары мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен оқушыларына құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығына, ІІО-ның мұражайлары мен арнайы мекеме орындарына экскурсиялар ұйымдастырылмақ.

Қызылорда ОІІД  баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 16 ақпан 2018 г. 1 176 0