Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі-белсенді жағдайға көшуді көздейтін, электрондық және мобильдік үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызмет көрсетудіодан әрі жетілдіру бағытында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша «ХҚКО» департаментінде қызметкерлердің қатысуымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және ресми құжаттарға апостиль қою тәртіптері түсіндіріліп, семинар сабақ өткізілді.
Негізгі мақсат- азаматтардың өз бетімен интернет арқылы сапалы мемлекеттік қызметтер алу, сонымен қатар, жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электронды көшірмелер түрінде табысталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының талабына сәйкес, құжаттарға апостиль қою үшін электронды өтініш қабылдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.