Жалағаш және Сырдария аудандарында жеке қабылдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді нақтылау бойынша Жалағаш, Сырдария аудандарында Департамент құзырындағы мәселелер бойынша аудандық «Нұр Отан» партиясы филиялдарында тұрғындар үшін жеке қабылдаулар өткізілді.
Жалағаш ауданында өткізілген тұрғындар үшін жеке қабылдауда 7 азамат, Сырдария ауданында 4 азамат өз өтініштерімен жүгініп сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Сонымен қатар, Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиялында өткізілген жеке қабылдауда Департамент басшысының орынбасарлары Б.Байхожаев, Е.Қарымсақовпен бірге «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты партиялық бақылау қызметінің партиялық бақылау инспекторы А.Ысқақова және облыстық «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау инспекторы Қ.Жәрекеев қатысты.
ҚОҒАМ 16 ақпан 2018 г. 1 050 0