« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Инклюзивті қоғам мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға үйренісіп, қалыпты дамуына мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облысымызда балабақшалар саны 544 болса, оның 79-да инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған. Бұл балабақшаларда арнайы және инклюзивтік топтар ашылып арнайы мамандар түзету көмегін көрсетеді.
Ал мектептерге келетін болсақ, 293 мектептің 88-і арнайы мамандармен қамтамасыз етілген.
Инклюзивтік орталық Қазалы ауданында бар. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинет инклюзивтік білім берудің ресурстық орталығы ретінде жұмыс жасайды.
Облыста осы жылдан бастап «Ерте жастан араластыру және 0-ден 3 жасқа дейінгі қатер тобындағы балаларды әлеуметтендіру» мақсатында итальяндық бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыс басталды. Бұл бағдарлама балалардың дамуындағы кемшіліктерді ертерек түзетуге және оларды жалпы білім беру ортасына енгізуге мүмкіндік береді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |