Кеше Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы Елбасымыздың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының 10 бағытын түсіндіру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде аудан әкімі Жолдаудың негізгі басымдықтарын және одан туындайтын міндеттерге тоқталып, ауданда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Бұл маңызды жиынға аудан прокуроры, әділет кеңесшісі Әліби Зейнулла, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Серік Тоқтыбаев және учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.