Жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыру бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Жанұзақов Еркебұлан Ерболатұлының, Қызылорда қалалық Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Құдайбергенов Ермекбай Қасқырбайұлының және Қызылорда қалалық пробация қызметі мен аудандық пробация қызметтерінің бөлім, бөлімше бастықтарының  қатысуымен 2017 жылғы өзара бірлесіп атқарған жұмысын  қорытындылау бойынша жедел кеңес өтті. Жедел кеңесті Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Отарбаев Ғанибек Сырмағанбетұлы ашты. Жедел кеңесте Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет подполковнигі Е.Әбілдаев  баяндама жасады. Ол өз баяндамасында ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығымен бекітілген қағиданың талаптарына орындауда пробация қызметтерінде есепте тұрған сотталғандармен қылмысты болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

2017 жылға өзара бірлескен жоспар аясында атқарылған жұмыстар өз деңгейінде орындалғанын, алдағы уақытта аталған жұмыстар өз жалғасын табатынын айтты.

Сонымен қатар Қызылорда қалалық Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне , Қызылорда қалалық пробация қызметі мен аудандық пробация қызметтерінің бөлім, бөлімше бастықтары Қылмысқа жол бермеудің және оның алдын- алу жөнінде тапсырмалар берілді.


Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

ҚОҒАМ 08 ақпан 2018 г. 1 010 0