Мықты отбасы – мықты мемлекет

Үлгілі отбасы – Отанымыздың ошағы. Татулығы мықты үй- қоғамның айнасы. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер, - деген болатын.
Осы мақсатта, елді қорғауда уақытпен санаспай, күні-түні қызмет атқаратын әскери қызметшілердің бір күндік отбасылық өмірімен танысу барысында, 66597 әскери бөлімінің «Әйелдер кеңесі» «Мықты отбасы – мықты мемлекет» тақырыбында шара ұйымдастырды.
Мақсаты: әскери қызметшілердің жанұясымен танысып, моральдық – психологиялық жағдайларын анықтау.
Алғашқы отбасы аталған әскери бөлімінде қызмет атқаратын сержант Крымов Дарханның үйі болды. Жас отбасы әскери қызметшілерге арналған қызметтік үймен қамтылған. Жанұя мүшелері бізді жылы шыраймен қарсы алды. Жары Ускеева Ляззат екеуі Әбілхан, Әбілмансұр, Аделия, Айсұлтан, атты 3 ұл 1 қызды тәрбиелеуде.
Сержант Дархан Әбілұлынан: ер адам ретіндегі пікірін білу мақсатында, әскери қызмет пен отбасылық өмірді ұштастыра алып жүрудің қыры мен сыры туралы сөз қозғадық.
Д. Крымов Арал қаласының тумасы. «Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі»- демекші, білім нәрімен сусындатқан №220 мектеп ұжымына және ұстазы Хасанова Бағдагүлге шексіз алғысын білдіреді.
Уақыт өте келе, мектепті ойдағыдай тәмамдаған бозбала әскер қатарына шақырылады. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, 32039 әскери бөлімінде екі жыл Отан алдындағы борышын абыроймен атқарады. Қатардағы жауынгер Дарханның бойынан жауапкершілік пен тиянақтылықты байқаған командирлері келісімшарт негізінде, әскери бөлімде қызмет атқаруға ұсыныс білдіреді. «Мен үшін әскери форма үлкен мақтаныш! Әскери қызметші болу үлкен абырой! -деген қатардағы жауынгер Дарханның әскери қызметтегі өмірі осылай басталады. Антына берік, жұмысына ыждаһаттылықпен қараған Д. Крымов «сержант» шеніне дейін көтеріледі.
Алғаш жары Ляззат екеуі Шымкент қаласында танысып, үш жыл мерзімде қыз бен жігіт ретінде араласады. Нәзік сүйіспеншілік сезімінің арқасында 2009 жылы шаңырақ көтереді.
Үлгілі жанұя болу үшін өмірлік жарың ақылды әрі төзімді, қызметіңе түсіністік таныта, құрметпен қарауы маңызды! Қазіргі таңда, төрт баланың әкесі ретінде, әсіресе ұлдарымның тәрбиесіне уақыт табуға тырысамын – дейді ол.
Жары Л. Ускееваның айтуынша, «Жұбайым екеуіміз үнемі бір-бірімізге қолдау көрсетіп отырамыз. Сенім мен сезім бар жерде ғана кез-келген отбасы үлгілі жанұя бола алады.
Жалпы, әскери қызметшілерге мемлекеттен тарапынан және Қорғаныс министрлігінен әлеуметтік қолдау жоғарғы дәрежеде көрсетіледі. Тұрмыстық жағдайымызды «өте жақсы» – деген сеніммен айта аламын. Қызметтік кең сарайдай үйіміз бар. Төрт баламызды мектепке, балабақшаға орналастыру жағынан ешқандай кедергі кездеспейді. Жұбайымның жалақысы 25 пайызға өсті. Алғысым шексіз. Менде, Қазақстан Республикасы демографиясының көбеюіне адал қызмет етемін! – деді
Қазіргі таңда 15 жылдан астам қызметін Қарулы Күштеріне арнаған сержант Д. Крымов 66597 әскери бөлімінде жұмысын жалғастыруда.
Келесі бағытымыз «Әйелдер кеңесі» төрайымы Ақмарал Сүлейменовамен бірлесе, 2-сынып сержанты Б. Жайлыбаев жанұясы.

Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 08 ақпан 2018 г. 2 518 0