Қызылорда қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда қаласының №2 сотында «Сот үкімдерінің орындалу мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Әбу, қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры I сыныпты заңгері Р.Алатаев, қалалық ішкі істер басқармасының өкілі Ж.Қанибаев, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының өкілі М.Мырзабек, ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы полиция майоры А.Оспанов, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары А.Махамбетов, Қызылорда қаласының әкімшілік айыппұл өндіру бойынша аумақтық бөлім басшысы аға сот орындаушысы Ж.Саткеева, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Н.Саймов және сот мамандары, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ш.Бекбан қатысты.
Шара барысында баяндамашы А.Абызова «Көлік құралын жүргізу құқығынан айыру туралы қосымша жазаның орындалуы» тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында 2017 жылы 41 қылмыстық іс 41 сотталушыға қатысты қаралып, олар бойынша айыптау үкімдері шығарылып, қосымша жаза ретінде заңда көзделген мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылып, сотпен орындауға құқық қорғау органдарына шығыс хатпен жолданғанын айтып өтті.
«Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2015, 2016 және 2017 жылы құқық қорғау органдарына қосымша жаза ретінде заңда көзделген мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы орындау үшін жолданған хаттар бойынша орындау жөнінде ешқандай мәлімет түспеген, бұл тұрғыда ҚПК-нің 472-бабының 1-бөлігінде көзделген талаптар құқық органдарымен орындалмай, кемшіліктер жасалып отырғандығы анықталып отыр», – деді А.Абызова.
Дөңгелек үстелде бас маман-сот отырысының хатшысы Е.Сүлейменов мемлекет пайдасына сотталушы тарапынан ақша өндіру туралы атқару құжатының орындалуына байланысты туындайтын мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, жеке сот орындаушылар тарапынан соттардан түскен атқару парақтарын негізсіз қабылдаудан бас тарту фактілері бойынша және сот үкімдерінің орындалуы мен ақша өндіру туралы атқару құжатының негізсіз қайтарылуы жөнінде туындаған сұрақтарды жан-жақты талқылады.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар оқылған баяндамалар бойынша пікір алмасып, дұрыс рәсімделіп жолданбаған, негізсіз тіркелмеген сот актілеріне тұрақты түрде шолулар жасауды және олардың нәтижесі бойынша кінәлілерді анықтауды, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін бірлесе жұмыс жасауға ұсынымдар жасады.

Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі







ҚОҒАМ 07 ақпан 2018 г. 853 0