Жолдауға қолдау

  «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын насихаттау мақсатында жас кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Жиынға партияның Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет, «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы А.Маманова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы директорының орынбасары Е.Құлшықбаев және халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары мен жас кәсіпкерлер қатысты. Кездесуде Елбасы Жолдауында қойылған міндеттер жайында айтылды.










ҚОҒАМ 03 ақпан 2018 г. 591 0