Жуырда Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауына арналған отырысы өтті.
Алдымен, департамент бастығының бірінші орынбасары подполковник М. Айдаров және Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Н.Қайырлапов жеке құрамға, ел дамуына ерекше серпін беретін стратегиялық құжаттың маңыздылығы мен жолдауда айтылған негізгі бағыттарды кеңінен түсіндірді.
Подполковник Н.Сағидуллаұлының жаңа жолдау жайлы пікірінше: «Тәуелсіздіктің ширек ғасырына дейін көптеген маңызды шаруа атқарылып, толайым табыстарға жете білген елімізді әлем мойындайтындай жетістіктері көп. Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа жолдауында да, қоғамның барлық салаларын үздіксіз дамытуға ерекше мән берілген. Атап айтар болсақ, еліміздегі индустрияландырудың жаңа технологиясының 10 міндетін атқару, агроөнеркәсіпті кешенді дамыту, көлік логистика инфрақұрылымын жақсарту, адами капитал жаңғырту негізі бұл жаңа заманға сай өрлеу болып табылады. Әрбір қазақстандық азамат өз саласында елбасы жолдауының талаптарына сәйкес, ізденіспен талпынып жұмыс атқарса, дүниежүзіндегі дамыған елдер қатарында экономикалық, индустриялық және рухани дамуына үлкен септігін тигізеді,» -деп ойлаймын деді.
Шара соңында әскери қызметшілер жолдауда көрсетілген 10 міндеттер бойынша өз ойларын ортаға салды.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.