Жолдау болашаққа деген сенімді нығайтады

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің мәжіліс залында Елбасының «Төртінші өнеркәсіпік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауы талқыланып, түсіндірмелі кездесу өтті.
«Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты және жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездету тиіс» , - деді Мемлекет басшысы. Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты айқындаған.
Жиынға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД заңгері Б.Абдиев және мекеме қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД заңгері Б.Абдиев жеке құрам қызметкерлеріне Жолдауда айтылған 10 бағыт бойынша нақты міндеттер айқындалып, халықтың әл – ауқатын арттыруға, мемлекеттің экономикасын нығайтуға бағытталған міндеттер тұрғанын, осы міндеттерді жүзеге асыруға міндетті екендігімізді жеткізді.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
ҚОҒАМ 02 ақпан 2018 г. 885 0