Еліміздің қорғаныс қабілетіні мен тыныштығын күзету жолында қызмет атқаратын әскери қызметшілер қауымы Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын күтетіндігі белгілі.
Өйткені бұл маңызы зор стратегиялық құжат мемлекеттің қарқынды дамуына септігі зор.
Елбасы 2018 жыл бастауын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» - деп аталатын Жолдау арқылы 10 нақты міндетті айқындап берді.
10 нақты тапсырмада еліміз жаңа әлем көшбасшысына айналу үшін саяси, экономикалық, қоғамдық салаларға қатысты және қазіргі заманғы технологияларды құрылыс саласында да, өнеркәсіпте де пайдалану бағытында сөз болды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері және Жаңа Жолдау үйлесімділігі:
1.Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
Қазақ әскері жыл сайын жаңа заманауи үлгідегі техникамен жабдықталып, Ұлттық әскери оқу орындарда білім деңгейі жан-жақты дамуда. Жауынгерлік қабілеті жоғары, қуатты қорғаныс күшіне ие деңгейге қол жеткізді.
8. Тиімді мемлекеттік басқару
Тәуелсіз ел болудың басты шарты - сол мемлекетті қорғайтын әскерінің болуымен тікелей байланысты. Мемлекеттің қалыптасуын да ұлттық әскерсіз, қауқарлы армиясыз құра алмайтыны анық. Сондықтан да Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті. Ал әскери қызмет жолын таңдаған азаматтар, Отанның кез - келген бұйрығын орындауға дайын болуымен қатар, өз саласының нағыз майталмандары болуға міндетті! Білікті әскери кадрлармен қамтылған қазақ әскері мемлекетті тиімді қорғай алатыны сөзсіз.
9. Жемқорлықпен күрес жолдары
Жемқорлық – мемлекет үшін қауіпті індет түрі болып табылады. Әскерилердің әлеуметтік тұрмысына мемлекет тарапы әрқашан да көңіл бөліп келеді. Жоғары жалақы және баспана мәселесі бойынша тиімді шешімі қарастырылған.
2017 жылдың шілде айынан бастап, қосымша әскери қызметшілердің лауазымдық қызметтеріне сәйкес, жалақылары 25 пайызға көтерілді. Сондықтан да Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі қажет.
Жолдау жайлы қорыта айтқанда, үш тұғырлы Қазақстанның жаңғыру жүйесін әскери қызметшілер қолдай отырып, сайыпқырандай Отанға берік те, қырағы болуы тиіс!
Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры, әділет майоры Қ.Рахматулин.