МАЛ ҚОРЫМДАРЫ ТҮГЕЛ ЖАҢАЛАНАДЫ

Қазалы ауданы бойынша мал басында өсім бар.Мал басының басым бөлігі, яғни 66 пайызы жеке тұлғаларда, 4,9пайызы ауылшаруашылықкәсіпорындарында, 28,3 пайызы шаруа қожалықтарының үлесінде.
Асыл тұқымды мал басын көбейту жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді. «Құлан» бағдарламасы 3 есеге, Сыбаға» бағдарламасы 61,8 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша шаруа қожалықтары құжаттарын тапсырып, қаржыландыруды күтуде.
Ауылдық округтерде 38 ауыл шаруашылығы кооперативтері  құрылған. Соңғы екі жылда кооперативтер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 467 млн. теңге, Өңірлік инвестициялық орталықтан 32 млн. теңге қаржы алып, мал бордақылау жұмыстарын жүргізуде.
Ауданда эпизоотиялық ахуал тұрақты. Барлық төрт түлікке ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар уақытылы жүргізіліп отыр. Өткен жылы  диагностикалық тексерулер жүргізуге бюджеттен 103 млн. теңге қаржы бөліп, жоспарлаған жұмыстарды атқардық.
Аудан бойынша 21 мал қорымы бар. Оның 4-і типтік жобада салынса, қалған 17-і қолдан қазылып, қарапайым түрде жасалған.Мал ауруларының алдын алу мақсатындабарлық ауылдарға талапқа сай мал қорымдарын салужоспарлануда. Өткен жылы бюджеттен 20 млн. теңге бөлініп, 2 ауылдық округтетиптік жобадағы мал қорымдары салынды.
ҚОҒАМ 01 ақпан 2018 г. 762 0