« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланды.
ХҚКО мамандары Жолдаудың сегізінші және тоғызыншы бағытына арналған біріңғай сағатын өткізіп, көрсетілген басты басымдықтарға тоқталды. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері Мемлекет басшысының саясатын қолдайтындықтарын жеткізді.
Жолдау бағытындағы атқарылатын тапсырмалар нақтыланды. Яғни, тиімді мемлекеттік басқару – бір терезе қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Электронды қызметті насихаттау бағытындағы атқарылатын жұмыстарға баса назар аудару қажеттігі, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі бағыты бойынша жемқорлыққа қарсы атқарылатын жұмыстарды әзірлеу және жандандыру тапсырылды.
Сонымен қатар, оқу әдістемелік сабақтарды күшейтіп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу бойынша жұмысты күшейту турасында департамент директоры А.Тобаева сала басшыларына тапсырма беріп, жіті қадағалайтынын айтты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |