РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Сыр елінде адамзаттың ардақтысы, екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген күніне орай «Адамзаттың асыл тәжі – Мұхаммед (с.ғ.с)» атты рухани кеш өтті.
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында өткен рухани кешке қатысушылардан театр ішінде ине шаншар орын болмады.
Ғалымдардың мақтаулысы, адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі, сүйікті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі атап өтудегі мақсат — Пайғамбарымыздың үлгілі іс-әрекеттерін насихаттау, салауат айту, жастарға имандылық дәнін себу, түрлі теріс әрекеттерден сақтануға шақыру болды.
Рухани кеш Қасиетті Құран оқумен басталды. Кештің алғы сөзін облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы ашты.
Қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Ә.Әбжанов пен «Мүбарак» мешітінің бас имамы Н.Махамбетов шәкірттермен бірге қазақ тілінде мәуліт оқыды.
Рухани кеште үлгі болар, көрерменге ой салар «Пайғамбарлар парасаты», «Көркем мінез иесі», «Ата-анаға құрмет» секілді қойылымдар қойылымдар қойылып, жыр термеден шашу шашылды.
Сондай-ақ, мәуліт кешінде аймағымыздағы Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірнеше имамдар арнайы алғыс хатпен марапатталып, қатысушыларға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің 2017 жылғы атқарған бір жылдық есебі таныстырылды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 29 қаңтар 2018 г. 895 0