ЖЕДЕЛ ДАМЫҒАН ҚОҒАМҒА ІЛЕСЕ БІЛУ КЕРЕК

СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН НАСИХАТТАУ БА- РЫСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ. ОҒАН АРДАГЕР-ҰСТАЗДАР, ДӘРІГЕРЛЕР, ЖАСТАР ЖӘНЕ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСТЫ.
Жолдауды қолдау мақсатындағы жиында ардагер-ұстаз Роза Үмбетаева Ел Президенті төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі бүкіл жаңғырудың негізі – адам капиталы екендігіне баса назар аудара отырып, білім мен ғылым саласының сапалық тұрғыдан дамуына ерекше мән беріп отырғанын жеткізді. Осы тұста, «инемен құдық қазғандай» еңбек ететін мұғалімдердің мәртебесін көтеру, олардың білімдерін жетілдіру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – басты құжаттың негізі екенін айтты.
Дөңгелек үстелде аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Биболат Жантүгелов дәстүрлі Жолдау міндеттерінде еліміздің барлық саласында цифрландыру жұмыстары қолға алы- натынын атап көрсетті. Оның ел дамуына септігі зор. Себебі, қазіргі жедел дамыған ақпараттық қоғамда заман ағымына ілесу баршаға міндет. Электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Қазіргі таңда ақпарат жеткілікті болса әркім өз қажетіне мәліметті дер кезінде электронды түрде ала алады. Бүгіннің өзінде ғаламтордың көмегімен темір жол, әуе билеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданылуда. Өз сөзінде осыны айтқан Б.Жантүгелов Елбасы Жолдауындағы басты міндеттер халықтың әл-ауқатын арттырып, қазақстандықтардың ақпараттық заманға лайық болуын қамтамасыз ететінін жеткізді.
Сөз кезегінде облыстық ЖИТС орталығының аудан бойынша дәрігері Ақжарқын Оразбаева мен облыстық жастар денсаулығы орталығының аудан бойынша маманы Гүлзат Жанәлиева Жолдаудағы 7-ші міндетке тоқталды.
– Қазақстандықтарға арналған Елбасы Жорлдауында: «Халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады» делінген. Осы орайда, аудандық денсаулық сақтау саласы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық шараларды іске асырып жатыр. Медицинаның барлық салалары бойынша кеңес беретін денсаулық мектептері ашылып, жұмыс жасауда. Мұнда тұрғындар ме- дицина саласына қатысты өздерін мазалаған кез келген мәселе бойынша толық ақпарат алып, дәрігерлер кеңесіне жүгінеді. Бұл өз кезегінде Жолдаудың 7-ші міндетінде айтылған «дені сау ұлт» болудың жолында жасалып жатқан ауқымды жұмыстар, - деді А.Оразбаева.
Жиында барлық міндеттерге қатысты ой-пікірлер айтылды. Жиналғандар Жолдауға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. Дөңгелек үстелден кейін «Елбасы Жолдауы – жаңғыру жолы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.
ҚОҒАМ 29 қаңтар 2018 г. 1 005 0