« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен жылы есеп беру жиындарында қандай ұсыныс-тілектер айтылып еді?
Оның орындалуы қалай?
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша, міне, бірнеше жылдан бері елімізде орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының халық алдында есеп беруі жақсы үрдіске айналды. Бұл негізінен жергілікті жерлердегі елді толғандырған өзекті проблемалардың жолын айқындауға негіз қалады. Осы орайда облыста көптеген игілікті істер атқарылуда. Біз бүгіннен бастап өткен жылы облыстық, аудандық деңгейдегі есеп беру жиындарында халық тарапынан айтылған ұсыныстардың орындалу барысы туралы оқырмандарды хабардар етпекпіз.
ЖАҢАРҒАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Өткен жылы облыс әкімінің есепті кездесуінде Қызылорда қаласындағы жылу электр орталығын жаңғырту туралы сауал қойылған еді. Осы мәселе бойынша мынадай жайттарға қанықтық.
Өткен жылдың ақпан айында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің және ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары шеңберінде бұл жоба қолдауын тапты.
Елбасының тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысында қуаттылығы 400-450 МВт құрайтын жаңа электр стансасының құрылысын салу көзделген. Алайда, бүгінгі күнге ірі инвестордың жоқтығына байланысты аталған жобаның жүзеге асырылуы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, 2017 жылдың 15-16 қарашасында «Байқоңыр инвест» IХ халықаралық инвестициялық форумы аясында Қызылорда облысы әкімдігі мен «Yildizlar SSS Holding A.S» түрік компаниясы арасында Қызылорда облысында қуаттылығы 138 МВт құрайтын газ поршендік электр стансасы құрылысын салу бойынша меморандумға қол қойылды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2018-2019 жылдар. Аталған жобаның іске асырылу нәтижесінде аймақтағы электр энергия тапшылығының төмендеуі күтілуде.
Сондай-ақ, аудандар облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдерінің есепті кездесуінде бірқатар мәселелер көтерілген еді. Олардың негізгілеріне тоқталсақ, Қазалы ауданының Әйтеке би кентіне кәріз жүйесін жүргізу мәселесі де бар болатын.
2013 жылы облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 227 млн теңге бөлінді. Жобаның болжамды құны – 15 млрд теңге.
Кәріз жүйесінің құрылысы күрделі және ауқымды қаржыны қажет етеді.
Сондықтан Қазалы ауданының әкімдігі Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесі құрылысы жобасына біріншіден, облыстағы сумен қамту және суды бұрудың бірыңғай операторы – ОДСП «Арал» филиалына тиісті құжаттарды ұсынып, келісім алуы керек (қолданыстағы су көлемінің жетуі, жүйенің сызбасы, т.б.). Содан кейін жобаға техникалық-экономикалық негіздеме жасау қажет.
Жалағаш ауданының ауылдық округтерінде ескірген электр жүйелерін жаңарту бойынша Бұқарбай батыр, Жаңадария, Қаракеткен, Мырзабай ахун елді мекендерінде 11 дана қосалқы станцияларына 652 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ауданның басқа елді мекендерінде көптеген электр инфрақұрылым қондырғыларына қаржы бөлініп, олар жөндеуден өткізілуде.
Шиелі ауданының Шиелі кентіндегі ескірген кәріз жүйелерін ауыстыру және канализациялық сорғы станциясын салу бойынша.
2013 жылы облыстық бюджеттен жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 73 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге ЖСҚ толық әзірленген жоқ. Жобаның болжамды құны – 20 млрд теңге.
Кәріз жүйесінің құрылысы күрделі және ауқымды қаржыны қажет етеді. Сондықтан Шиелі ауданының әкімдігі Әйтеке би кентіндегі кәріз жүйесі құрылысы жобасына, біріншіден, облыстағы сумен қамту және суды бұрудың бірыңғай операторы – «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалына тиісті құжаттарды ұсынып, келісім алуы керек (қолданыстағы су көлемінің жетуі, жүйенің сызбасы, т.б.). Содан кейін жобаға техникалық-экономикалық негіздеме жасау қажет.
Арал ауданының Қосаман, Беларан елді мекендерінің электр желілерін
жаңарту бойынша.
2017 жылы «ҚЭТТК» АҚ қаражаты есебінен 223,7 шақырым 35 кВ желілеріне, 46,83 шақырым 10 кВ желілеріне, 25,6 шақырым 10/0,4 кВ желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалған.
Сондай-ақ, жүздеген шақырымды құрайтын аудандағы Ақбай, Тоқабай, Бөген, Насосная елді мекендеріндегі әуе желілеріне және бірнеше қондырғыларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Қызылорда қаласында апаттық үй тұрғындарына арналған тұрғын үйлер құрылысын жүргізу бойынша.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |