« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының жыл сайынғы Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Бұл Жолдаудың ерекшелігі, төртінші өндірістік революция әлеміне бейімделу үшін қандай шараларды жүзеге асыру қажеттігін айқындап берді.
Мемлекет басшысы ел дамуының 10 негізгі басымдылығының тоғызыншы міндетінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы баса айтты. «Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді», делінген Жолдауда.
Елімізде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тиімді және айқын мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілуде. Жемқорлық жоқ елде кез келген жұмыс жақсы жүреді. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі бағыты бойынша мемлекеттік органдар жемқорлықпен күресті күшейту керек. Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның басым бағыттарын түсіндіру және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық мақсатты тобын қамтыған 1300-ден астам іс-шара кешенін ұйымдастырды.
Қоғамды жемқорлыққа қарсы күреске тартуға, жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен қоғамның күшін біріктіруге бағытталған «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында 325 еңбек ұжымымен кездесу, 116 қоғамдық қабылдау өткізілді. «Есіктен есікке» акциясы аясында жемқорлыққа қарсы бағытта 1,1 миллионнан астам парақша мен жадынама таратылды, Қызылорда қаласы мен аудандардағы елді мекендерде 136 баннер орналастырылды. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа деген «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру мақсатында мектептерде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубтары құрылып, оған мүше оқушылардың саны 10 мыңға жетті. Өткен жылы осы клубтар 2 мыңнан астам шара ұйымдастырды.
Жемқорлық тәуекелдерін азайту жағдайы ретінде мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды үлгісіне өту өзекті мәселе болып қала береді. Мемлекет басшысы елді цифрландыру үдерісі кезінде барлық салада жоғары дамуға қол жететінін айтты. «Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады. Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс», – деді. Бұл тәртіптің, заң талаптарының орындалуының арқасында қызмет көрсету сапасы артады.
2017 жылы облыстың орталық және жергілікті атқарушы органдары 4173466 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Оның 40% немесе 1 миллион 300 мыңнан астамы электронды форматта. Былтыр электронды қызметтер үлесін арттыруға бағытталған нәтижелі жұмыстарға қол жеткіздік. Мысалы, бұл көрсеткіш 2016 жылы 12 % болса, 2017 жылы ол 40 % құрап, 2,7 есе көбейді. Ал мемлекеттік орган тікелей өзі қағаз жүзінде көрсететін қызметтер саны 25% төмендеді. 2018 жылы аталған қызметтер үлесін 50% жеткізу жоспары бар.
Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды қызмет алуды насихаттау мақсатында мемлекеттік орган қызметкерлеріне арнап 154 түсіндірмелік іс-шара өткізілді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындарына электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында мемлекеттік қызметтердің 2 жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға халықтың сұранысы жоғары жер, тұрғын үй, әлеуметтік, құрылыс, білім, көші-қон, әділет, салық салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер насихатталып, 300-ге жуық қызмет алушыға кеңестер мен қызметтер көрсетілді.
Басым бағыттардың бірі – тиімді мемлекеттік басқару, оның аясында мемлекеттік қызметшілердің жалақысын факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа жүйе арқылы төлеу. Соның нәтижелеріне қарай жалақыны көбейту, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында қарастырылған еңбекақы өтеу жүйесіне өту. Бұл орталық пен өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады. Сондай-ақ, мемлекеттік органның стратегиялық мақсат-міндеттеріне қол жеткізуге қосатын үлесі мен талап етілетін құзыреттілігіне тәуелді түрде әділ еңбекақы төлемін орнатады.
Мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында биылдан бастап агенттік пен Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде жүйені енгізу бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылады. Департамент әрі қарай кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, жемқорлықтың алдын алу жұмысын жалғастырады.
Бұл жыл – біз үшін де айрықша жыл. Себебі, біз атқарып жатқан қызметімізге жаңа механизмдер мен формалар енгізбекпіз.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |