Облыс бойынша монополияға қарсы инспекция облыстық прокуратурамен бірлесе отырып халыққа қызмет көрсетуші «Энергосервис», «Шиелі жарығы», «Дәулетэнерго», «ҚазТрансГазАймақ», «Қазақтелеком», «Қызылордажылуэлектрорталығы», «Су жүйесі» және «Сыр суы» кәсіпорындарымен өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды.
Бұл меморандум Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдау мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» бағдарламасында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жасалды. Нақтырақ айтқанда, меморандум салыстырмалы талдау мен нарық субъектілері және тұтынушыларды монополистік қызметтен қорғаудың құқықтық негіздерін зерттеуге және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін және жосықсыз бәсекеге, тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған. Бұл орайда еліміздегі «Бәсекелестік туралы», «Тұтынушылардың құқығын» қорғау туралы» заңдары басшылыққа алынады. Сонымен қатар меморандумға қол қоюшылар мемлекет өміріне қатысты маңызды мәселелер бойынша бағдарламалар мен жобалар дайындауды, семинарлар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізуді де іске асырады. Ал, ең бастысы, коммуналдық қызметтер түбіртектерінің артқы жағына байланыс мәліметтері мен монополияға қарсы органның және прокуратураның, басқа да ақпараттық материалдар көрсетіледі. Өз кезегінде ол халыққа коммуналдық қызмет көрсетуде ашықтықты қалыптастырады.
Айғали АМАНЖОЛҰЛЫ.