Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құрылған күні

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы (Қызылорда қаласы)» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Үкіметінің Өкімімен 08.06.2000 жылғы №1037 жарғысына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің 07.01.2002 жылғы № 12 бұйрығына сәйкес тұрақты орны Қызылорда қаласы болып құрылған.

2002 жылы қаңтар айының 25-і күні Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып тіркеліп және бұл күн құтқару жасағының күні болып есептеліп келеді.

2014 жылдың тамыз айының 15-і күні Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 938 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» Қазақстан Рсепубликасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» атауына өзгертілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құрылғанына 16 жыл толды.

Жасақтың құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында әртүрлі төтенше оқиғалардың және жағдайлардың жойылуына байланысты жоғары білікті мамандар ретінде бірнеше рет расталды.

Құтқару жасағы құрылған күнінен бастап құтқарушылардың күшімен барлығы 8679 шақыртуға шығып, нәтижесінде барлық шақырту бойынша 3396 адам құтқарылды, оның ішінде 1763 бала. Сонымен қатар төтенше жағдай аймағынан 33310 адам эвакуацияланып, 213 зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек көрсетілді.

Тек 2017 жылдың ішінде құтқарушылар 649 әртүрлі сипаттағы шақыртуға шығып, онда 151 адамды құтқарды.

Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік жүйені дамыту мен нығайтуға қосқан үлесі, сондай-ақ «Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2017 жылғы үздік жедел – құтқару жасағы» VII республикалық конкурсының қорытындысы бойынша қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрілігі Төтенше жағдайлар комитетінің грамотасымен және бағалы сыйлықпен «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің ұжымы марапатталды.    


 

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

ҚОҒАМ 26 қаңтар 2018 г. 747 0