Сырдария ауданында жастар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларға сапалы білім саналы тәрбие беру бағындағы жұмыстар жақсы жолға қойылған.
Былтырғы жылы «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады. Есепті кезеңде аудан жастары арасында түрлі бағыттағы 162 іс-шара өткізіліп, 4426 жас қатысты. Сонымен бірге, аудан жастары облыстық жарыстарға, семинарларға, білім бәсекелеріне қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Алдағы уақытта да жастардың білім алуына, спортпен шұғылдануына, өнер үйірмелеріне қатысуына барлық жағдайлар жасала бермек. Аталған жұмыстарға үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуға ынталы. Бұл бірлігі бекем, тірлігі тындырымды ауданның берекелі істерге бейім екенін білдіреді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.