« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ХХІ ғасыр сөздігіне тағы бір сөзді түртіп қойыңыз, ол – блокчейн. Биткоин криптовалютасымен бірге қоса аталатын терминнің жаппай сөйлеу тілінде қолданылып кеткені мәлім. Соңғы жаңалықтарды ашсаңыз, ақпараттарға көз жүгіртсеңіз, барлық жерде – блокчейн туралы. Блокчейн сөзі қайдан шықты? Блокчейн деген не?
Ол – желідегі ақпараттарды сақтаушы, арнайы тәртіппен жасалған блоктар тізбегі. Соңғы кездері блокчейн түрлі криптовалюталарды транзакциялар жүргізуде қолданылып жүр. Ал криптовалюта дегеніміз ешбір орталықсыз басқарылатын цифрлік есептік көрсеткіш. Түсінікті болу үшін оны «электронды валюта» деп қабылдасаңыз болады. Зерттеуші мамандар бұл жүйе арқылы экономикалық, банк жүйелерінде және одан да басқа салаларда ақпараттарды сақтауға болатынын айтады. Өзге деректерге сүйенсек, блокчейн – құрал. Қарапайым банктермен салыстырған кезде блокчейннің негізгі ерекшелігі – арада делдалдарсыз жұмыс жасау. Қазір кез келген мекеме орнына барсаңыз, жұмысты ортада үшінші бір адамдар атсалысып атқарады. Одан қала берді, құжатты растайтын нотариус жұмысын қосыңыз. Ал блокчейннің басқарушы орталығы жоқ. Ол ешқандай басшысыз, орталықсыз жұмысын мәліметтер базасы арқылы жасайды. Ол жерде болып жатқан транзакцияларды жүйге қатысушы барлық адам көре алады. Олар атқарылған жұмыстың шынайылығын растап, арнайы блок тізбегін жасайды. Жүйені тікелей қолданушылардың жеке басқа қатысты құжаттары құпия күйінде сақталады.
Блокчейн қалай жұмыс жасайды? Кез келген адам өз ақпаратын ғаламторға сала алады және оны кез келген адам кіріп оқи алады. Бірақ, сізде міндетті түрде криптографикалық алгоритммен жасалған жабық кілт болу керек. Блокчейннің болашағына келер болсақ. IT саласы дамыған сайын технологияның өсу ықпалы артып келеді. Соның ішінде блокчейн түсінігі де қапыда қалмақ емес. Себебі, бүгін экономикалық сала негізінде саудасы жүріп тұрған блок тізбектің болашақтағы дамитын салалары да бар. Олар –банк жүйесінің жұмыстары, логистика, заң саласы, медицина.
Қорыта келгенде, блокчейн – тек қаржы мәселесіндегі оң шешім тапқан жүйе емес, сонымен қатар киберқауіпсіздікті де басты назарда ұстап тұрған, соңғы он жылдық ішіндегі ең ерекше алгоритмдік бағдарламалардың бірі.
Массагет.кз сайтынан
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |