Қорылды жоюға арналған жаттығу

Қорылдауды кетіретін жаттығуды алғаш рет дәрігер Флек ойлап тауып, 250 ерікті адамға тәжірибе жүргізген. Ол еріктілерді 2 апта бойы бақылау нәтижесінде көпшілігінің қорылдауы азая түскенін байқаған. 
Егер қорылдаудың асқынған түрі болмаса, тіл бұлшықеті мен төменгі жаққа арналған жаттығу көмектеседі. Қорылдауды азайтатын мынадай қарапайым жаттығулар бар:
А. Тіліңізді барынша алға шығарып, төменге түсіріңіз. Шығарған күйде 1-2 секунд ұстап тұрыңыз. Осы жаттығуды таңертең және кешке 30 реттен жасау керек. Тіліңізді төменгі тіске күшпен итеруге болады.
Ә. Иекті қолыңызбен басып, төменгі жақты алға-артқа күшпен қозғау керек. Осы жаттығуды таңертең және кешке 30 реттен жасау керек.
Б. Ағаш немесе пластик таяқшаны тісіңізбен қысып, сол қалыпта 3-4 минут ұстаңыз. Бірнеше минуттардан соң жақтың бұлшықеттері ауыра бастайды, бұл жаттығудан соң солай болу керек. Оны ұйықтар алдында жасаңыз.
Қорылдау кезінде А және Ә жаттығулары тіл бұлшықеті мен төменгі жаққа бағытталған. Егер бұлшықеттер жаттыққан болса, олар босаңсыған жағдайда да нақты тонусты ұстап тұрады.  
Б жаттығуы ұйықтар алдында жұту бұлшықетінің тонусын жақсартып, оны 20-30 минутқа сақтайды. Соның себебінен қорылдаудың басталуын баяулатады. Қорылдауды азайтатын жаттығудың нақты нәтижесі 3-4 апта уақытылы жаттыққан соң, байқала бастайды.
Қорылдаудан дауысты дыбыстарды, соның ішінде «и» әрпін айтатын жаттығулар да жақсы көмектеседі.
ҚОҒАМ 22 қаңтар 2018 г. 600 0