ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 27-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту бағытында, сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқартып, жеке сот орындаушыларын көбейту аясында Қызылорда облысының Әділет департаменті ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Бүгін атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша, яғни сот актілерін орындау саласында 2017 жылы атқарылған жұмыстары туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында халыққа есеп берілді.
Аталған шараға облыстық мәслихат депутаттары, облыстық прокуратура, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, сондай-ақ, БАҚ-өкілдері қатысты.
Кездесуді департамент басшысы Қ.Сапаров ашып, Елбасы Н.Назарбаевтың “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауына тоқтала келе, департамент қызметтерінің негізгі бағыттары туралы және 2017 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы аясында атқарушылық іс жүргізудің ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері, сонымен қатар алимент төлемдерін өндіру үшін қолданылған шаралар туралы айтып өтті. Басқосуда жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Б.Қызылбаев жеке сот орындаушыларымен орындалған жұмыстар мен алға қойылған мақсат-міндеттерге тоқталып өтіп, жұмысты жүйелі жүргізуге нақты ұсыныстарын білдірді.

Қызылорда облысының Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

ҚОҒАМ 18 қаңтар 2018 г. 698 0