Соңғы жылдары облыс салықшылары республика көлемінде тәуір көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Yстіміздегі жылдың 9 айының қорытындысы бойынша осы жемісті көрсеткіш тағы да қайталанды. Атап айтқанда, аталған кезеңде облыс бойынша шоғырландырылған бюджетке жалпы салықтар мен төлемдердің түсімі 456,5 млрд. теңгені құрады. Осының ішінде республиканың ұлттық қорына аударылған қаржы 389,3 млрд. теңге болып отыр.
Өткен жылмен салыстырғанда шоғырландырылған бюджетке осы кезеңде 91 млрд. теңгеден астам қаржы артық түсірілді.
2013 жылдың 9 айында салық органының құзыретіндегі мемлекеттік бюджеттің болжамы 114,7 пайызға орындалды. Болжам 44,9 млрд. теңге болса, нақ түскені 51,5 млрд. теңге құрайды. Өткен жылдың 9 айымен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 127,5 пайыз болды. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша болжам көрсеткішімен салыстырғанда артық түскен қаржы 1 млрд. теңгеге жуықтайды. Айрықша атап өтерлігі, аталған кезеңде өткен жылмен салыстырғанда жергілікті бюджет бойынша болжам сомасынан 16,1 млрд. теңге артық түсті.
Ж.ӘЛМАХАНҰЛЫ.