Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бөлім бастығы С.Шыныбекова аталған басқарманың жеке құрамына «Көктем-2018» мерзімді әскерге шақыру науқанына байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы және ҚР Қылмыстық кодексi 366, 367, 368 баптары бойынша дәріс оқыды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты әскерге шақыру науқанына байланысты, сыбайлас жемқорлықты алдын- алу шараларын пысықтау болып табылады.
Самал Нұрбекқызының айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Бас әскери прокуратура, әскери полиция өкілдерінің тапсырмасына сәйкес, жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен жоспарларға сәйкес профилактикалық шаралар ұйымдастырылып тұрады -деді.
Шара соңында, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын - алуға бағытталған, және сыбайлас жемқорлық сипатында орын алған қылмыстық әрекеттер туралы бейнероликтер көрсетілді.
С.Тыным.
Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы.