ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

№26 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Шараға мектеп директоры Б.Жұмабаев ашып жүргізіп, жолдаудың он міндетіне тоқталып өтті.
Шара барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Бүркітбаева, тарих пәнінің мұғалімі А.Қолдабекова, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Ақпарова баяндама жасап, Елбасы жолдауын насихаттау, қолдау мақсатында ұжыммен бүгінгі күнде жұмыстар жүргізіліп жатқандығы жөнінде сөз етті.
Сонымен қатар, жолдаудағы жетінші міндет адами капитал- жаңғыру негізі бағытына тоқталып, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге оң бағасын беріп, міндеттерді айқындады. Оның ішінде – білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; жас ұрпақты ғылыми зерттеу саласына және өндірістік – технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіру; қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгертуге алып баратын өзгерістерді кезеңімен өткізуді жалғастыру; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту.
ХХ ғасырдың басында қазақтың біртуар перзенті М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Тәрбиеден мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, асса барлық адамзат дүниесін бақытты қылу», - деп жазды. Ал ол тәрбиені беруші мұғалімдер туралы: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім... Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын - мұғалімдердікі», - деген болатын. Ендеше Елбасының бұл Жолдауындағы мұғалімдер қауымының мәртебесін көтеруді тапсыруы – ұлт болашағы үшін алаңдауының көрінісі екендігін баяндады.

ҚОҒАМ 17 қаңтар 2018 г. 732 0