Облыста азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеудің мақсаты – әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейі мен дене дайындығын білу үшін ұйымдастырылып, өткізіледі.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес 17 жасқа толатын азаматтары шақыру учаскелеріне тіркелуі тиіс.
Қызылорда облысы бойынша 17 жасқа толатын 4805 азаматқа қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдердің әскери қызметшілері және арнайы құрылған медицина саласының дәрігерлерімен бірлесе, 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығына дейін азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын жүргізеді.
Қызылорда қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерден тыс даярлық топ бастығы сержант М.Есімов, «Азаматтарға салтанатты тіркеу куәлігін тапсыру шарасы, 15-ақпан Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылған күніне орай, ұйымдастырылады. Ауған соғысы мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері арнайы болашақ еліміздің қорғаушыларына бар үмітін арта табыстайтын болады. Сонымен қатар, маңызды шараға қаламызда орналасқан 52 мектептің бастапқы әскери даярлық пән оқытушыларының да белсене араласатындығын да айта кеткеніміз жөн», – дейді.
Естеріңізге сала кетсек, «Көктем-2018» мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық жұмыстары басталды.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 17 қаңтар 2018 г. 862 0