ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ЖЕТІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ

Бүгін Сырдария ауданына қарасты Жетікөл ауылдық округінде атқарушы билік өкілдерінің халыққа есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, есепте кезеңде жүзеге асқан жұмыстардың есебін берді.
Аудан басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан аудан былтырғы жылды жемісті қорытындылағанын атап өтті. Есеп беру жиынында Жетікөл ауылының әкімі Ж.Қожахметов, Жетікөл ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Серкешбаев атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Облыс бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Ауылдық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Камалов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жыл бойы атқарған жүйелі жұмысына жоғары баға берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚОҒАМ 15 қаңтар 2018 г. 706 0