Жолдау — тарихи құжат

Елбасының әр жылғы Жолдауы — тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. 
Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында еліміздің алдағы дамуының 10 бағытын бөліп көрсетіп, ел дамуының басым бағытын құраған агроөнеркәсіп кешенінің қарқынды даму жолдарына да айрықша тоқталып өтті.
Агроөнеркәсіптік кешенін қарқынды дамытудың мүмкіндігі салада «ақылды технологияларды» пайдалану арқылы, аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталу керек екендігін айтты.
Шикізатты қайта өңдеуді дамыту арқылы әлемдік нарықтарды бағындыруға жұмыс жасауымыз қажет.
Біз аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бағытында өткен жылдың өзінде біршама жұмыстар атқардық.
Атап өтсек, өткен жылы облыстың ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу рыноктарына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде облыстың агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейін дамуының Агрокартасын әзірленді.
Онда негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру мен өткізу рыноктарын кеңейту (әсіресе, Иранға, Қытайға және Ресейге) анықталды.
Агрокарта аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін (күріш, балық, ет, бақша, т.б.) экспорттау көлемін 2020 жылға қарай 5 есеге дейін ұлғайту жолдары айқындалған.
Бұл Мемлекет Басшысының бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногында талап етілген өндірісті ынталандыру жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келеді.
Азық-түлік тауарларының өндіріс көлемі мен экспортты арттыру, біріншіден күріш өндірісін дамыту үшін, күріш жармасын сұранысы жоғары, қымбат нарықтарға шығару мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылдың қантар-қараша айлары аралығында 75,0 мың тонна күріш Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Қызғызстан, Украина, Ауғанстан, Белоарусия, Монголия елдеріне экспортталды.
Сонымен қатар, Ресейдің «Магнит» сауда желісіне бүгінгі күнге 188 тонна көкөніс экспортталды.
Жалпы облыс бойынша биылғы жылы 6012 тонна (оның ішінде 1159,5 тонна қауын және 4852,5 тонна қарбыз) бақша дақылдары Ресейге экспортталды.
Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі экспортқа ет шығарудың облыстар бойынша индикативтік жоспарын бекітті. Осыған сәйкес ағымдағы жылы облыстан экспортқа 100 тонна сиыр және 25 тонна қой етін шығару көзделген.
Бұл бағытта 2017 жылдың тамыз айында Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative, Inc» компаниясына тірілей салмағы 26,5 мың тоннаны құрайтын 812 бас қозыны экспортқа шығарды.
Бұған қоса, Жамбыл облысы арқылы Біріккен Араб Әмірлігіне барлығы 1132 бас қой экспортқа жіберілді.
Сонымен қатар, қозы етін экспорттау мақсатында Сырдария ауданында 10 мың бас аналық қой өсіріп, жылына 250 тонна қозы етін өндіретін мал шаруашылығы кешенінің құрылысы аяқталып, жұмысын бастап кетті. Алдағы уақытта аналық мал басын көбейту және экспортқа шығару мәселесі пысықталатын болады.
Өндіруші, өңдеуші салаға жаңа технологиялар мен бизнес модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперацияға біріктіру қажеттігін көрсетеді.
Қызылорда облысы бойынша 2304 жеке қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен 84 кооператив құрылып, барлығы құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.
2016-2017 жылдар аралығында құрылған 42 кооператив 3 459,3 млн. теңге қаржыға 16133 бас МІҚ, 3928 бас сиыр, 550 бас уақ мал, 56 бас жылқы, 3000 бас құс, 2 модульді мал сою бекетін, 2 модульді сүт қабылдау бекетін, 1 сүт тасымалдау көлігі, 2 рефрижератор және 2 мал азығын дайындау цехын сатып алуға қол жеткізді.
Нәтижесінде 1048 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тұрақты жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, бүгінгі күні 801 отбасылық мал бордақылау алаңдары құрылып, 16133 бас мүйізді ірі қара малын бордақылау кірісті. Сонымен қатар, 3928 бас сиыр сатып алынып, 385 шағын отбасылық сүт фермалары құрылды.
Бүгінгі күнге кооперативтер 342,45 тонна ет, 133,3 тонна сүт өнімдерін, 382 тонна бақша өнімдерін өндіріп 73 тоннасын экспортқа және 3 тонна құс етін өндіріп, ішкі нарыққа өткізді.

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Пірмұхаммед Айтбайұлы Сыздықов.
ҚОҒАМ 12 қаңтар 2018 г. 754 0