Қармақшы аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда аудандық соттың 2017 жылдың 12 айында сот төрелігін атқару қорытындысы сөз етілді.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Дархан Кентбаев, аудандық сот судьясы Лаура Алибекова, кеңсе қызметкерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сот төрағасы Д.Кентбаев сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша БАҚ өкілдерімен статистикалық мәліметтерімен бөлісті.
Қармақшы аудандық сотында 2017 жылдың 12 айында барлығы 132 адамға қатысты 87 қылмыстық іс қаралып, 37 қылмыстық іс бойынша 37 адамға үкім шығарылып, 41 қылмыстық іс бойынша 59 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылып, 18 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.
Есепті мерзімде 695 азаматтық іс түскен, оның ішінде 135 арыз бойынша сот бұйрығы, нақты 709 іс бойынша шешім шығарылып, 60 іс медиация тәртібімен тоқтатылған.
2017 жылдың 12 айында барлығы 421 тұлғаға қатысты 421 әкімшілік іс қаралып аяқталған.
Сот төрағасы Д.Кентбаев конференция барысында «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен шағымдарға да тоқталды. Мұнан соң БАҚ өкілдері қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, жиын соңында баспасөз конференциясына қатысқан журналистерге алғысын білдірді.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.