Жаңақорған аудандық соты 2017 жылдың қорытындысымен баспасөз конференциясын өткізді

Жаңақорған аудандық сотында сот төрағасы Н.О.Қосанов «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысуымен 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізді.
Баспасөз конференциясы барысында сот төрағасы Н.О.Қосанов, 2017 жылы сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыс қорытындысын сөз етті.
Н.О.Қосанов сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне 2017 жылы барлығы 123 адамға қатысты 100 қылмыстық іс қаралып аяқталғанын, 55 қылмыстық іс бойынша 62 адамға үкім шығарылғанын, 35 қылмыстық іс бойынша 49 адамға қатысты қылмыстық іс өндірістен тоқтатылғанын,5 іс 5 адамға қатысты прокуратураға қайтарылғанын, 26 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті.
Есепті мерзімде аудандық сотында 892 азаматтық іс қаралып аяқталған. Оның ішінде 241 арыз бойынша сот бұйрығы, 493 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 115 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 41-і медиация тәртібімен, 4 азаматтық іс  партисипативтік рәсімі тәртібімен дауды реттеу бойынша аяқталған, 25 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 226 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Сот төрағасы аудандық сотта өткен жылы барлығы 502 тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 449 тұлға әкімшілік жазаға тартылғанын, 51 іс қысқартылғанын айтып өтті.
Мұнан соң «Жаңақорған тынысы» газеті тілшісінің  тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе Н.Қосанов, алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын мұнан әрі арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарыла беретіндігін айтып, БАҚ өкілімен осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырып, оған алғысын білдірді.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 09 қаңтар 2018 г. 919 0