"Рождество" мерекесі аталып өтті

Облыстық ішкі саясат басқар­масының басшысы Айдын Қайруллаев «Қазан Құдай ана Иконасы» шіркеуінде болды. Онда жиналған жұртшылықты облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың православ христиан­дарының «Рождество» мерекесімен құттықтаған тілегін жеткізді.

Елбасының сындарлы саясаты нәти­жесінде елімізде рухани келісім, дінаралық тұрақтылық пен толеранттылық өз жемісін беруде. Бұл діни мереке – хрис­тиан дінін ұстанушылар үшін маңызды. Мереке рахымдылықтың, жақсылық пен сүйіспеншіліктің мызғымас салтына айналып отыр. Сонымен бірге, православ христиандары біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен ынтымақтың сақталуына үлес қосып келеді.

Шіркеуге жиналғандар қолдарындағы шырақтарын жағып, бір-біріне игі тілектер айтты. Көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, демеді. Сонымен бірге құлшылық етуге келгендерге шіркеу настоятелі Виталий әкей «Бір-біріміздің әлсіз тұсымызға түсіністікпен қарайық. Бір-бірімізге үлкен қуаныш пен бақыт сыйлайық. Виртуалды әлемнен шығып, шынайы өмірге

қосылайық. Жүрегімізді мейірімділік нұрына бөлеп, қамқорлыққа мұқтаж жандарға қол ұшымызды берейік»,–деді.

Шара соңында православтар «Рождество» мерекесіне орай мінәжат етті.


Сара АДАЙБАЕВА.

ҚОҒАМ 09 қаңтар 2018 г. 635 0