2018 жылдың алғашқы тоқсанында Байқоңырдан қай зымырандардың ұшатыны белгілі болды

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының комиссиясы 2018 жылдың қаңтар және наурыз айларында Байқоңырдан ұшырылатын ғарыш апараттарының жоспарын құрды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Роскосмос» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаға сәйкес, 2018 жылдың бірінші тоқсанында Халықаралық ғарыш станциясынан екі ғарыш аппараты ұшырылады деп жоспарланды. 11 ақпан күні «Прогресс МС-08» транспорттық жүк көлігі ұшырылады. 15 наурыз күні Байқоңырдан ХҒС-ға «Союз МС-08» пилотпен бірге ұшады.

Мұнымен қатар, «Роскосмос» Федералды ғарыш бағдарламаларының аясында 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында басқа айлақтардан ғарыш аппараттарын ұшыруды жоспарлап отыр.

1 ақпан күні Восточный айлағынан кейінге шегерілген «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Канопус-В» №3 және №4 аппараттарымен бірге ұшырылады. Бұдан кейін 1 наурыз күні Гвиана айлағынан «Союз СТ-Б» зымыран тасығышы O3b F4 аппараттарымен бірге ұшырылуы тиіс.

ҚОҒАМ 08 қаңтар 2018 г. 517 0