ХҚКО-НЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 10 ЖЫЛ

Жақында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімінің ашылғанына 10 жыл толды. Айтулы датаға орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, оған аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы қатысып, мекеме қызметкерлерінің қуанышына ортақтасты.
Салтанатты жиында халыққа қызмет көрсету орталығы Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ж.Жұмабаев құрметті меймандарға мекеме жұмысын таныстырып, мекеме тарапынан көрсетіліп жатқан қызметтерді көрсетті. Сонымен бірге, баяндама жасап, 10 жылдың ішінде атқарылған жұмыстар мен алда тұрған мақсат-міндеттерді саралады. Мұнан кейін аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов пен аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов сөз сөйлеп, саал мамандарын мекеменің құрылғанына 10 жыл толу мерекесімен құттықтады. Шара барысында Жұмабек Әшімұлы бастаған мекеме қызметкерлеріне аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың, облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамовтың, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікеновтің, облыстық мәслихат депутаты Р.Есеновтің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақыптың қолы қойылған Алғыс хаттар берілді. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, игі тілектер айтылды. Салтанатты жиын соңында қатысушылар сала мамандарымен бірге естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 03 қаңтар 2018 г. 771 0