Жуырда Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін қарау боынша консультативті кеңестің кезекті отырысы өтті.
Шараға кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Н.Ерманов жетекшілік жасап, ОІІД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Қобландин, консультативті кеңес мүшелері және департаменттің сала басшыларына қарамағындағы қызметкерлерге тәртіп жөнінде дәріс өткізіліп отыруы керек екені хабарланды.
Айта кетер жайт, жыл көлемінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін қарау жөнінде 5 рет консультативті кеңес отырысы өткізіліп, құқық бұзған қызметкерлердің ісі мен тәртібі талқыланды.
Кеңесте, айтылған мәселелер төңірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, шара қорытындыланды.