Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

Мемлекет басшысы өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарға басымды мақсаттар мен міндеттер белгілеген 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағытын айқындайды.
Өзге де мәселелермен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударады. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын және барлық кезеңін қамтиды. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі.
Осылайша, туу туралы куәлік алу, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар алу әр азамат үшін алғашқы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады; есейген кезде азамат жеке куәлік құжаттарын алады; білім және медициналық қызмет көрсетуді алады; кәсіпкерлік қызмет жүргізу барысында рұқсат құжаттарын алады және т.б.
Расында, қазіргі кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге күннен күнге сұраныс жоғарылап келеді. Бұл ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы қоғамның хабардарлығы артуда.
Осы салаға жоғары қызығушылықтың оң үрдісі оны заңнамалық деңгейде реттеудің табиғи қажеттігіне алып келді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ағымдағы жылғы 15 сәуірде күшіне енген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.
Енді, осы сәттен бастап халыққа максималды қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін толық жаңарту процесі басталды деп сеніммен айта аламыз.
Жаңа «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңы мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.

ҚОҒАМ 27 желтоксан 2017 г. 566 0