АУДАНДАРДА ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ ҚЫСҚАРУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы, Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, міндетін атқарушы Талғат Қатарбаев және Марат Ситекен БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Онда биылғы жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері жайында баяндалды.
Жалпы, Қармақшы ауданында осы сала бойынша тұрғындарға бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетілсе, Қазалы ауданында оның саны төртеу. Бұл ауданында апаттық жағдайдағы үйлер болмағандықтан осыған байланысты қызмет түрі жоқ. Ауданда апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесі 2014 жылы шешілген.
Бүгінде Қармақшыда 312 адам баспана кезегінде тұр, 6 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, аудан орталығына іргелес жатқан Байқоңыр қаласында да құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Жұлдызды шаһарда 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің іргесі қаланып, алдағы жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Жалпы, Қармақшы ауданында тұрғын үйге мұқтаж жандарды тіркеп, есепке алу қызметі бойынша жылдың 11 айында 52 өтініш келіп түскен.
Ал Қазалы ауданында пәтер кезегінде тұрған азаматтар саны – 638. Олар 4 санат бойынша тіркеуде. Келер жылы қазалылықтар да баспана бақытына ие болмақ. Ауданда алдағы уақытта 18 пәтерлі 6 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Мәди ҚҰРМАНӘЛІ.
ҚОҒАМ 23 желтоксан 2017 г. 682 0