БАЙЛАНЫСШЫЛАР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС

БАЙЛАНЫСШЫЛАР БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСБиыл, міне, Қазақстан почтасының құрылғанына 20 жыл толды. Өзіміз қызмет жасайтын Қазалы аудандық почта байланыс торабының 24 құрлымдық бөлімшесі бар. 2012 жылы аудан тұрғындарына 4 миллиард 285 млн. тенгенің қаржы айналымы игерілді. Оның ішінде 1 миллиард 316 млн. Салық төлемдерімен несие төлемдеріне, 96 миллион теңгеге жалақы төлеу қызметіне, 2 миллиард 544 миллион теңге зейнетақымен жәрдемақы төлеу қызметіне, 41 миллион теңгеге баспасөз басылымына, 288 миллион теңгеге 1464 адамға несие беру қызметі көрсетіліп отыр. 
Осы бағдарлама аясында тапсырылған жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, басқа да еңбектері ескеріліп, біздің қоғамның басқарма төрағасы Әркен Арыстановқа Елбасы Жарлығымен «Парасат» ордені табысталды. Бұл жұмыстарды атқаруда біздің аудан бойынша 45 адамға 4117514 теңгеге 5628 дана «Қазтрансойл» ұлттық компаниясының құнды қағаздарын сатуды ұйымдастырдық. 
Дегенмен, нарықтың аты нарық. Нарық заңдылығы біздің салаға да жақсылығымен қатар, экономикалық жағынан күрделі жағдай туғызып отыр. Сол себепті біздің басшылығымыз тарапынан экономикалық жағдайға бейімделу мақсатында оңтайландыру шараларын жүргізу қолға алынып отыр. ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 04.03.2004жылғы №48-п бұйрығымен бекітілген Почта байланысының баршаға қолжетімді қызметтерінің сапа параметрлеріне сәйкес бір байланыс бөлімшесі жұмыс жасап тұру үшін 2000-2500 тұрғын болу керек, соған қызмет көрсету қажет делінген.Ал біздің аудандағы 17 ауылдық округте ауыл тұрғындарының саны 2000 адамға жетпей отыр. Яғни, 17 ауылдық округтегі жұмыс жасап тұрған құрылымдық бөлімшесі қысқартуға ілінеді деген сөз. Бұл мәселенің көтерілгеніне де 1 жылдан астам уақыт өтті. Қазақстан республикасы почта туралы заңының 8 бабында «Жергілікті атқарушы орган өз аумағында орналасқан почта құрлымдық бөлімшелерінің тиімді жұмыс жасауына ықпал етіп отырады»делінген.Бұл жағдайға байланысты сонау кеңес заманында біздің қызметіміз үкімет тарапынан дотацияланып көмек көрсетіліп отыратын.Қазір осы үрдістің жалғасын таппауы біздің салаға қиындық әкелуде. Біз өз тарапымыздан аталған байланыс бөлімшелерін жаптырмау мақсатында қолымыздан келгенше жұмыс жасап жатырмыз. Бізді тығырықтан шыгарар жол ол табыс табу, қызметтің табыстылығын көрсету, басқа жолы жоқ. Табыс табудың бірден-бірі ол тұрғындарға почталық және қаржылық, яғни банктік қызмет көрсету, соған тұрғындар тарапынан сұраныстың болуы. Бұл жерде, әрине, 30 теңгеге конверт сатып немесе 25 теңгеге газет сатып қол жеткізе алмайтындығымыз екі бастан белгілі. Бұл жерде тек ауылдық жерлердегі бюджеттік мекеме қызметкерлерінің айлық жалақыларын біздің байланыс бөлімшелері арқылы алуы, сол арқылы аз да болса байланыс бөлімшесінің өзін-өзі ақтап шығуына жол ашу және алыс елді мекендердегі тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу. Бұл жерде біз тек өз мүддемізді ойлап, бірыңғай пайда табуды көздеп отыр деу де қисынсыз. Егер байланыс бөлімшесі жабылған жағдайда қарапайым ауыл тұрғындары оның ішінде негізінен біз қызмет көрсететін контингент зейнеткерлер, қарттар, мүгедектер көпбалалы аналар зардап шегетіндігі баршамызға мәлім. Мерейлі мереке құтты болсын байланысшылар!
Айдос ҚУАНДЫҚ,
Қазалы аудандық почта байланысы торабы бастығының орынбасары. 



ҚОҒАМ 10 қазан 2013 г. 1 335 0