Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінде «Әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ескерту» жөніндегі онкүндік іс-шарасы ауқымды түрде ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті кеңінен байланыстыра отырып, Департаменттің жеке құрамына түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылды.
Аталған онкүндікте «Өз қатарымызда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Арнайы шақырылған қонақтар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері Т.Мұстафаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл профилактикасы бөлімінің бас маманы А.Сәлімжанқызы, Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің өкілі подполковник М.Сәдуақасов және Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қ.Рахматулин қатысты.
Қатысушылар әкімшілік, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жыл бойына республика көлемінде атқарған профилактикалық іс-шараларымен таныстыстыра отырып, қызметтік және жеке автокөлік жүргізу кезіндегі жол ережелерін сақтау, жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен байлайланысқа түсу уақытында сыбайлас жемқорлықты болдырмау жолдары туралы баяндамалар жасады.
Шара соңында, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын - алуға бағытталған, және сыбайлас жемқорлық сипатында орын алған қылмыстық әрекеттер туралы бейнероликтер көрсетілді.
Келесі күні, Департаменттің әскери қызметшілерінің бойларына сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік шарасын қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысына бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК 169/1 тергеу изоляторына барды.
Атқарылған онкүндік шарасы туралы пікірін білдірген, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Н.Қайырлаповтың айтуынша, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу қазақстандық қоғам өмірінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет тәуелсіздігін алған күннен бастап, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институттары мен механизмдерін құру бағытында кезең-кезеңмен сапалы жұмыстар атқаруда. Осы мақсатта, қорғаныс саласында қызмет атқаратын әскери қызметшілер мен қызметкерлер де бұл індеттің қоғамда орын алуына қарсы!» - деді.
Отанның берік қорғаны, халықтың сенімі мен үкілі үмітін арқалған әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа жол бермесе, еліміздің өсіп-өркендейді!
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.