Тараптар арасындағы дауды шешудің тиімді жолы

Сот жүйесінің дамуы қазіргі таңда күн санап қарқын алып келеді. Ерте кезде әділ төрелік жасап, дауласқандарды бітімге келтірген. Ал, қазіргі өркениетті елімізде заманның алға басуына байланысты халықтың мүддесі үшін жаңа заңдар қабылдануда. Солардың бірі  «Медиация туралы» заң. Елбасының Жарлығы сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жария етуін бағдарлаған болатын. Қазіргі таңда сот институттарын қалыптастыру мәселесі қолға алынуда.
Бұл жөнінде жаңа институт «Медиация» өмірге енгізілуде. «Медиация» туралы заң – азаматтардың азаматтық–құқықтық қарым-қатынастарын, кәсіпкерлікке байланысты туындайтын дауларды, еңбек және отбасы құқықтық қатынастарын, жеке мен заңды тұлғалар арасындағы келіспеушліктерді реттеуге, жеңіл және ауыр емес санаттағы қылмыстар бойынша өзара татуластыққа келу барысында жұмыстанады. «Медиация» -соттардың мәртебесін көрсетеді, принциптерін, талаптарын, еңбек төлем істерін іске асыруға ықпал етеді.
Заң қабылданғаннан кейін, Қылмыстық, Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Медиация» қатысушылары конфиденциальдық - құпиялықты принципті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Медиатордың міндеті-екі жақты татуластырып, бірлестіру. Даулы істерді екі жақты бітімге келтіру арқылы шешу жолымен, олар соттың жүктемесін азайтып қана қоймай, қоғамға да пайдасын тигізеді.
Әкімшілік істер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда «бітімгершілік» келісімге келуге болады. «Бітімгершілік келісім» - екі жақтың келісімін қорытындылай отырып, өзара келісім жасау, олардың келісімі сот арқылы бекітіледі. Жан-жақты келісім Заң талабына сай жүргізіледі.
Ал бүкіләлемдік тәжірибеге келетін болсақ, бизнес, ажырасу, дүние-мүлік бөлісу басқа да келіспеушілікке қатысты істердің 40 пайызға жуығы медиация арқылы өтіп, оның 85 пайызының тараптардың келісімге келуімен аяқталуы көп нәрсені аңғартса керек.
Медиатордың судьядан ең басты айырмашылығы – медиатор тараптармен болатын келіссөздерге кез – келген уақытта, кез келген жерде қатыса алады. Ал судьяға араласпаушылық принципі бойынша мұндай келіссөздерге қатысуға заң бойынша рұқсат етілмейді.
Сонымен бірге медиатордың қызметі кәсіпкерлік болып саналмайды. Оларға еңбекақы жұмыс ауқымына қарай тараптармен келісу арқылы төленеді.
Қорыта айтқанда «Медиация туралы» заңның қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген қоғамымыздағы оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігі даусыз.
Ә.Р.Жақсылықов,
Шиелі аудандық
сотының кеңсе меңгерушісі
ҚОҒАМ 20 желтоксан 2017 г. 899 0