БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН ГАЗ ЖЕЛІСІ ҰЙЫМДАРЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Биылғы жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес 2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары қорытындысына талдау жұмысын жүргізді. Облыс бойынша автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тауар нарығында бағаның негізсіз өскендігі анықталған. Талдау нәтижесіне сәйкес тауар нарығында өз қызметтерін жүзеге асыратын кейбір субъектілер ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны байқалған.
Осыған байланысты департамент іс-әрекеттерінде аталған заңбұзушылық белгілері байқалған «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Автогаз Трэйд» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром» ЖШС, «INVADAM» ЖШС АФ» ЖШС, «Auto Gaz Statsion» ЖШС және «TS Оңтүстік жанармай» серіктестіктеріне қатысты тергеу жүргізіліп, тергеу нәтижесіне сәйкес іс-әрекетінде заңбұзушылық белгісі анықталмаған «TS Оңтүстік жанар май» ЖШС-нан басқа нарық субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, істер сот қарауына жолданды.
Сот шешімдеріне сәйкес «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Автогаз Трэйд» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром» ЖШС, «INVADAM» ЖШС АФ» ЖШС және «Auto Gaz Statsion» ЖШС бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер департамент пайдасына шешіліп, монополиялық кірістері тәркілене отырып, аталған нарық субъектілеріне 14,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың  құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті.
ҚОҒАМ 14 желтоксан 2017 г. 544 0