Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні «Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-форум» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар, сондай-ақ БАҚ өкілдерін «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсімін өткізді.
«Саяси жігерлігі үшін» номинациясы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету саласын жетілдіріп, сапасын көтергені және кері байланысты қамтамасыз еткені үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.
А.Оспановтың айтуынша, бұл - марапат күн сайын мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тер төгіп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердің еңбегі, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлі зор.
«Мемлекеттік корпорациясын құру - Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бірі. Және бұл марапат мемлекеттік қызмет көрсетуді ашық және барынша қолжетімді ету жолында «Азаматтарға арналған үкімет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейді», - деді Оспанов.