ЖҮЙЕЛІ ЖОСПАР, ТЫНЫМСЫЗ ІЗДЕНІС

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудің маңыздылығы жайлы айтылған ойлары қоғамдағы оң өзгерістермен ұштасып жатқанын білеміз. Соның бір дәлелі ретінде Ақтөбе қаласында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының нәтижесін айтуға болады. Бәсекеге қабілетті жас мамандардың біліктілігін арттырып, шығармашылық ерекшелігін дамытуда бұл шараның орны ерекше. Еңбек еленіп, жүйелі ізденістің керемет көрінісіне куә болдық. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған білім саласында жүрген білікті тәрбиеші, логопед, психологтардың көлемді ізденуі, ортақ басқосуы, сараланған жұмыстардың қорытындылануы бізге ерекше ынта-жігер сыйлады. Сыр елінен барған «Сыр жұлдызы» балабақшасының әріптестер тобы, атап айтсақ, педагог-психолог Орынкүл Байымбетова жоба қорғаудан І орын иегері атанды. Ағылшын тілі маманы Мейірім Қуатбаева келесі жүлделі орынды еншіледі. Жанна Сағидуллақызы, Сандуғаш Сағидуллаевалар өздерінің шеберлік сабақтарын көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді. Кеште балабақша тәрбиешісі Фариза Алиева өз жобасын қорғап, ІІІ орынды еншілесе, педагог-ұйымдастырушы Самал Жарылқасынқызы да кезекті медальді еншіледі. Бізге жол сілтеп, бағыт-бағдар берген балабақша меңгерушісі Жанат Мұханбетқалиева «Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда инновациялық технологиялардың маңызы» тақырыбындағы жұмысын таныстырып, ғылыми конференцияның арнайы куәлігі және төсбелгімен марапатталды. Ал, балабақша кубоктың жүлделі иемденушісі атанды.  
Таудай талап толағай табысқа жеткізетінін осы конференция дәлелдеп берді. Баланың тәлімді тәрбиесіне, жан-жақты дамуына, қабілеті мен мүмкіндіктерін ашуға айрықша көңіл бөліп, ерекше еңбек арнаған аяу¬лы мамандық иелерінің мұнан да алар асуы биік болатынына сенім білдіреміз.
Орынкүл БАЙМБЕТОВА,
«Сыр жұлдызы» балабақшасының
педагог-психолог маманы.
ҚОҒАМ 11 желтоксан 2017 г. 744 0