Шымкенттің экс-әкімі ұрып-соғып, 17 жасында зорлап, еркінен тыс әйел еткен Әлия Байділдаева бірнеше айдан бері Алматыда қашып жүр.
КТК телеарнасының тілшісі Н.Нұрланқызының айтуынша Әлияның азапты өмірі әкімнің отбасы білгеннен кейін басталған. Әкімнің әйелі Әлияны жатақханада қамап ұстаған. Тіпті отбасылық мұраға ортақтасады деп оны екі қызынан бас тартуға көндіруге тырысыпты. Әлия қазір осындай азаптан құтылғанына сенер-сенбесін білмейді. Жоғары сотқа бірнеше рет арыз жазған ол ешкімнен пана таппаған соң, Баян Мақсатқызына келген. Баян мән-жайға қаныққан соң, Әлияны өз қамқорлығына алған. Қазіргі кезде Баянға отбасынан зорлық көрген әйелдер көп хабарласады екен. 2017 жылдың алғашқы жартысының өзінде жолдасынан зорлық көрген 4000-ға жуық әйел тіркелген. Баян Мақсатқызы нәзікжандыларды қорғайтын заңның солқылдақтығына налиды.