ЕРКІН ЕЛДЕ ӨСКЕН ҰРПАҚТЫҢ РУХЫ ӘРДАЙЫМ БИІК БОЛУЫ ТИІС

ҚР Қарулы Қүштері Бас штабы – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қызылорда облысына іссапармен келді.
Сапар мақсаты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрініс тапқан «Туған жер» бағдарламасы аясында туған жерге табан тіреп, мектеп қабырғасында білім алып жатқан белсенді жастармен кездесу.
Алғашқы шара қаламызда орналасқан №6 М.Ә.Сужиков атындағы білім ошағында ұйымдастырылды. Генерал-майор Мұхамеджан Қадыржанұлын әскери жарғы бойынша мектептің бастапқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі лейтенант С.Жұмахметов қарсы алып, баяндама жасады.
Ұжым мүшелері жылы жүзбен шырай таныта, мектеп тарихымен таныстырды. «Жас ұлан» ұйым мүшелері дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы, өздерінің әр түрлі бағыттағы өнерлерін ортаға салды. Оқушылардан кейін, шараның жалғасы ардагер ұстаздар және бастапқы әскери дайындық пән мұғалімдерімен пікір алмасу бағытында өткізілді.
Аталған шараға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник М.Даулетбаховта қатысты.
Генерал-майор М.Таласов іссапарға келген мақсаты жөнінде баяндама оқыды. Баяндама барысында, "Жоғарғы Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады» - деген болатын. Сондықтан болашақ жастарға тәрбие беру, олардың патриоттық рухын көтеру отбасы, балабақша, одан кейін мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Мектепте білім нәрімен сусынданттырып қана қоймай, патриоттық клубтар көп болса, Отан қорғаушы азаматтар легі көбейетіні сөзсіз. Мысал ретінде айта кетейін, республика аумағында 7736 мектеп бар екен. Осы мектептерде құрамы 30 оқушыдан тұратын «Кадет» сыныптары ашылса, шамамен 250 мыңдай жас Отан қорғаушылардың қатары қалыптасады. Келешек қазақ армиясының құрамы дайын, − деген сөз. Сондықтан, Сіздерді ата-бабамыздың «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген мақалына сүйене, барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сапалы патриоттық клубтарды көбейту барысына атсалысуға шақырамын!", − деді.
Жиын соңында қатысушылар, генералмен естелік суретке түсті.
Сапар аясында Мұхамеджан Қадыржанұлы Қазалы, Арал аудандарының жалынды жастарымен кездесулер өткізді.

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметі.
ҚОҒАМ 08 желтоксан 2017 г. 1 225 0