Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парыз

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаменті және қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - ортақ парызымыз» атты концерттік бағдарламасы өткізілді.
Аталмыш шараның алғы сөзі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлына берілді.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына белсенді қатысқан сала мамандары,мемлекеттік органдар және «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында өткізілген сурет көрмесінің жеңімпаздары марапатталды.
Шарада қалалық мәдениет Үйінің өнерпаздары кеш қонақтарына әуезді әуенмен мерекелік көңіл күй сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
ҚОҒАМ 08 желтоксан 2017 г. 629 0