« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Мемлекеттік тілдің шешілмеген мәселелері осыдан бірнеше жыл бұрын шаш етектен еді. Тілге қатысты жобалардың сынға ұшыраған кездері де көп болды. Сөздік қоры әлемдегі ең үздік тілге баланатын ұлттық құндылығымыз өз құнын сақтап қалу үшін арнайы бағдарлама жасалу керек болды. Жасалды да. Көптілділік көпті шатастырмас үшін де бірізділік бізге ауадай керек екенін уақыт көрсеткен. Осы кезде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жасалды. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзірленген-ді.
Иә, тіл – ұлт келбеті. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы негізінде қазіргі таңда мемлекеттік тілдің беделін көтеру үшін біршама жұмыстар атқарылып, бағдарламалар жасалынып, арнайы заң қабылданғанын, Қазақстан Республикасының соттарында іс жүргізу және сот өндірісін жүргізу толығымен мемлекеттік тілде жүзеге асырылып отыр. Мемлекеттік органдармен сотқа жолданатын құжаттарда мемлекеттік тілде рәсімделіп келеді.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Енді осы мәртебені биіктетіп, мемлекеттік тілдің қолдану беделін арттыруға нақты жұмыстар жасалуы тиіс. Тірлігі мен тынысы бір, жері мен ынтымағы жарасқан елдің тілі де бір болса, ұлт бірлігінің басты факторы екенін қазақ тілі дәлелдеп шығады. Оған индикаторлар бойынша бағдарламада түсіндірме берілген. Мінберінен түспеген үш міндет бар. Бірінші – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау, мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымын дамыту екінші міндеті мейлінше іске асырылуда. Жемісін уақыт көрсетеді. Үшінші – мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру.
М.ЖУЫНТАЕВ,
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман сот отырысының хатшысы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |