Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты тақырыпта әдеби кеш өтті. Оған белгілі ақын-жазушылар, Қорқыт ата атындағы ҚМУ мен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенттері, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері мен орта мектептің бірлестік жетекшілері қатысты.
Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Е.Рүстемов ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Кешті «Қауырсын» жас ақындар үйір¬месінің жетекшісі, ақын Мамыр Байдәулетов жүргізді. Сонымен бірге жазушы Айжарық Сәдібекұлы, ақын Сәнімкүл Желдербаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры Шанжархан Бекмағамбетов пен журналист Сәкен Алдашбаев өз ойларымен бөлісті.
Кеш барысында жастар ақын-жазушылардың шығармашылығы, ана тіліміздің қоғамдағы рөлі туралы көкейлеріндегі сұрағын қойып, оған тұшымды жауап алды.
Сара АДАЙБАЕВА.